ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаз уақытындағы бала қауіпсіздігі: Ата-аналарға жадынама

Жаз уақытындағы бала қауіпсіздігі:

Ата-аналарға жадынама

1. Судағы қауіпсіздік (Ең басты қауіп)Қараусыз қалдырмаңыз: Бала су жағасында (теңіз, өзен, тіпті ауладағы кішкентай бассейн) болғанда, одан көзіңізді бір секундқа да алмаңыз. Арнайы құралдар: Жүзе алмайтын балаларға міндетті түрде үрмелі жеңқап (нарукавники) немесе құтқару кеудешесін (жилет) кигізіңіз. Үрмелі матрастарға сенуге болмайды.Тыйым салынған жерлер: Шомылуға рұқсат етілмеген, белгісіз әрі жабайы су қоймаларына баланы ешқашан жақындатпаңыз.

2. Ашық терезелер — үлкен қауіп!Торға сенбеңіз: Масадан қорғайтын тор (москитная сетка) баланың салмағын көтермейді. Ол тек елес қана тудырады.Құлыптар орнатыңыз: Терезелерге тек үлкендер ғана аша алатын арнайы кілтті құлыптар (блокираторлар) қойыңыз.Жиһазды алыстатыңыз: Терезе алдына бала өрмелеп шыға алатын диван, үстел немесе орындықтарды қоймаңыз.

3. Күн өту және ыстықтан қорғануБас киім: Бала далаға шыққанда міндетті түрде ашық түсті панама, кепка немесе қалпақ киюі тиіс. Су режимі: Баланың қасында әрдайым таза ауыз суы болсын.

 

             

 

foot.png
ҚР, Астана қ.,
пр.Тәуелсіздік 14/3
8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
info@21-gulder.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved.