Мақсаты: Балалардың таза ауада көңілді демалуына жағдай жасау, достық қарым-қатынасын нығайту, жағымды көңіл күй қалыптастыру және мерекелік атмосфера сыйлау.
Балалармен беседкада таза ауада көңілді пикник ұйымдастырылды. Шағын фуршет дастарханы жайылып, балалар мерекелік көңіл күйде уақыт өткізді. Сонымен қатар, естелікке фотосессия ұйымдастырылып, балалардың қуанышты сәттері суретке түсірілді. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қызықты әсер қалдырды.

