Бүгін «Меруертгүл» кіші тобында «Көпіршіктер күні» өтті. Балалар кішкентай киімдерді жуып, шайып, жайып, қызықты әрі пайдалы ойындарға қатысты. Бұл іс-әрекет арқылы балалар тазалық сақтауды, ұқыптылықты және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын ойын арқылы меңгерді. Көңілді жазғы күн балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады!

