Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында "Кітап оқу-өркениетті қоғам құрып, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы" -деп нақты атап көрсетті. Мемлекетімізде "Кітап оқитын ұлт" жобасын енгізе отырып, білім беру, тәрбиелеу үдерісіндегі біршама өзекті мәселелерді шешу көзделген.
Балабақша, тәрбиеші және отбасы үштік одағы арқылы бүлдіршіндерді кітап оқу мәдениетіне баулу - болашақ сауатты ұрпақтың алтын діңгегі болмақ! Ақылды,саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Сіздерді жобаға тіркелуге, белсенді болуға шақырамыз.

