«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді халық даналығы. Сіздер – өткен мен бүгінді жалғап, ар-ождан мен тәлім-тәрбиенің, салт-дәстүр мен даналықтың алтын көпірісіздер. Ел үшін еткен еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін үлкен мектеп, өшпес өнеге.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

