Балабақшаға жолдама қалай беріледі
- Қаралды: 399
Балаларды балабақшаларға қабылдау қағидаларына енгізілген өзгерістерді талқылауды жалғастырайық. Назар аударыңыздар! Бұл Қағидалар бойынша әзірше Шахтинск қаласы ғана істеп жүр. Басқа қалалар бұл жүйеге 2024 жылдың қаңтар айында қосылады.
Енді балабақшаларға кезек жалпықалалық емес, ал әр балабақшаға бөлек-бөлек қалыптасады. Балабақшаға қабылдаудың мынадай кезеңдері бар:
1. Кезекке қою туралы өтініш беру
2. Қабылдау туралы берілетін жолдаманы тосу
3. Балабақшамен шарт жасасу
Бір ғана өтініш беруге болады, алайда бұл өтініште 4 балабақшаны көрсетуге рұқсат етілген. Демек, баланы біруақытта 4 кезекке, яғни, бірнеше балабақшаның кезегіне қоюға болады.
Баланың кезегі бірінші орынға келгенде жолдама автоматты түрде беріледі.
Егер балабақшаға кезек болмай, бос орындар бар болса, бәрібір кезекке қою туралы өтініш беру керек. Бала бірден кезектегі бірінші орынға түсіп, оған қабылдау туралы жолдама беріледі.
Жолдаманы берудің ерекшеліктері ұсынылған суреттерде көрсетілген.
Жаңалықтарымыздан тыс қалмаңыздар. Алдағы уақытта басқа да маңызды өзгерістерді талқылайтын боламыз.