Балабақшада ұлттық құндылықтарды ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдану трендке айналды. Астана қаласының №21 «Гүлдер» балабақшасында білім беру дағдыларын ұлттық құндылыққа негіздеу арқылы қазақтың ұлттық ойыны, ертегі, ою өрнек түрлерімен танысу, сонымен қоса «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сай топтарды орталықтарға бөлу мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекет пен шебер-сыныптар өткізілді.
Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ою-өрнек туралы білімдерін кеңейту, ертегі оқып тыңдауға дағдыландыру. Аталған шара балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын дамытуға бағытталған маңызды тәрбие жұмыстарының бірі болды және жалғасын табады.

