Ата-аналармен ойын
- Қаралды: 89
Еліміз тəуелсіздік алып, рухани жаңғыру жолына түсті. Ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа мұра болып жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, оларды терең зерттеп, кеңінен насихаттауға мүмкіндік туды.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа білім мен тəрбие берудегі басты міндеттердің бірі – ұлтжанды, елін сүйетін, халық дəстүрін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен азамат тəрбиелеу болып табылатыны анық.
Ал, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы – халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау болып табылады.Қазіргі таңда көп ұлттық ойындар ойналмай ұмытылып қалды.Соның бірі-Бестемше. Ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында балабақша балаларына “Бестемше” ойынын үйретуді, сол арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыруды көздеп отыр.
Сол себепті ең алдымен ата-аналардың қызығушылығын ояту маңызды. Сондықтан “Інжугүл” тобының ата-аналарымен ойнап көрдік.