Нейрожаттығу – бала үшін таптырмас тәсіл
- Қаралды: 108
Балаларға дене жаттығуын ғана емес, ми жаттығуын да жасатып тұрған абзал. Бұл жаттығулардың көмегімен баланың миы тынығып, ойы дамиды әрі жұмыс істеуі жақсарады. Ми жаттығуларының түрлі атаулары бар. Олар ми гимнастикасы, нейрогимнастика, нейрожаттығу және кинезилогиялық жаттығулар деп аталады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқа да органдарға оң әсер етеді. Негізі кинезиология ғалымдарының айтуынша, жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Нейрожаттығуды 2 жастан асқан балаларға жасата беруге болады.
Оны неден бастау керек? Алдымен балаларға саусаққа, қолға, аяққа арналған тақпақтарды, ертегілерді айтқызып үйреткен дұрыс. Әбден жаттыққан соң 4 жастан бастап, барлық жаттығуларды оң қолмен жасауды үйретеміз, кейін сол қолмен, екі қолын жаттықтырып алғаннан кейін екі қолмен қатар жасатасыз. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін дамытамыз, шығармашылық қабілетін ашамыз.
Педагог-психолог: Өтебалиева Б.А.