8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
Контакты
info@21-gulder.edu.kz
E-mail
пр.Тәуелсіздік 14/3
Астана қ.
“Гүлдер” балабақшасында Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған “Әкелер мектебі” сайысы ерекше тамаша әрі қызықты өтті.
Сайыс барысында әкелердің алғыс пен ризашылықтарын білдіруі, ал балалардың “Папа, әке, алға!” деп қолдау көрсетуі әрбір жүректі тебірентіп, әсерлі сәттер сыйлады. Бұл сөздер тек жарыстың ғана емес, әке мен баланың арасындағы шынайы байланыс пен махаббаттың көрінісі болды.
Шара соңында балабақша әкімшілігі атынан балапандарға арнайы сыйлықтар табысталып, сайысқа белсене қатысқан әкелер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл күн әкелер мен балалар үшін ұмытылмас әсер қалдырған мерекелік күнге айналды!