«Түймедақ» тобы ұлдар мерекесін елеусіз қалдырмады — бүлдіршіндер өздерінің достарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен ерекше құттықтап, қызықты шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада балалар ән айтып, өлең оқып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, ер балаларға қуаныш сыйлады.
Ұйымдастырушылар ұлдардың ержүрек, батыл, мейірімді болуын тілеп, мерекенің тәрбиелік мәнін ашуға тырысты. Осындай іс-шаралар арқылы балалардың патриоттық сезімі мен бір-біріне деген құрметі арта түседі.

