8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
Контакты
info@21-gulder.edu.kz
E-mail
пр.Тәуелсіздік 14/3
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балаңызды балабақшаға бейімдеу кезіндегі 5 маңызды кеңес

1. Қоштасуды созбаңыз

Ұзақ құшақтасып, жылап қоштасу – баланың уайымын күшейтеді.

Қоштасыңыз да, өз ісіңізге сенімді түрде кетіңіз.

2. Көңіл-күйіңізді білдіртпеңіз

Сіздегі қобалжуды бала бірден сезеді.

Тыныштық пен сенімділік – баланың басты тірегі.

3. Үйде сыйлықпен алдамаңыз

«Қалсаң, тәтті берем» деген сөздер бейімделуге кедергі келтіреді.

Қызықтырып, сеніммен шығарып салуға тырысыңыз.

4. Балабақшамен қорқытпаңыз

«Жыласаң, апайың ұрсады» деген сөздер балада үрей қалыптастырады.

Балабақша – ойын, достар мен жаңа қызықтар мекені екенін айтып беріңіз.

5. Тұрақты режимді сақтаңыз

Бір күн апарып, бір күн қалдыру – бейімделу процесін баяулатады.

Күнделікті тұрақты түрде бару – бейімделудің басты кепілі.

Есте сақтаңыз: балаңыз – сіздің көңіл-күйіңіздің айнасы.

Сенімді ата-ана – бейімделген бала.

Бәрі жақсы болады!

       

 

foot.png
ҚР, Астана қ.,
пр.Тәуелсіздік 14/3
8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
info@21-gulder.edu.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.