Балабақшаға бейімделу кезеңі қанша уақытқа созылады?
- Қаралды: 87
Әр балада бейімделу әртүрлі жүреді. Осы кезеңінің ұзақтығына байланысты бейімделудің үш түрі болады:
жеңіл бейімделу – 10-15 күн;
орташа – шамамен бір ай;
ауыр – 2-6 ай.
Балабақшаға бейімделу қалай жүреді? Бала балабақшаға бара бастағанда айтарлықтай психикалық күйзелісті бастан кешіреді әрі беймазалық деңгейі жоғарылайды.
Балабақша деген не, ол не үшін қажет және оған не үшін бару керек екенін түсіндіріңіз. Балабақшадағы күн тәртібімен таныстырыңыз, балабақшаға қалай барғаныңызды айтыңыз, фотосуреттер көрсетіңіз. Естеліктер тек позитивті және көңілді болуы керек. Балаңыздың балабақшаға баратынына алаңдайтыныңызды білдірмеңіз, сабырлы және байсалды болыңыз. Балалар ата-анасын жақсы сезеді, сондықтан сіздің уайымдап жүргеніңізді ол бірден сезіп қояды.
Тәрбиеші: Закариянова А.Т.
Педагог-психолог: Өтебалиева Б.А.


