ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Астана қаласы білім басқармасының алқа отырысы өтті

Отырыс барысында 2025 жылғы білім беру үдерісі қорытындыланды. Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы мектепке дейінгі білім беру қажеттілігін қанағаттандыру бойынша жасалған жұмыстармен таныстырды. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері жоғары болып қалуда: 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған барлық балалар (100%) орындармен қамтамасыз етілген, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамту 97,3 % құрады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Оның негізгі қағидасы - қаржыландыру балаға бағытталады. 2026 жылы 2 099 орынға арналған 7 балабақша ашылады деп күтілуде. Астана қаласы бойынша демографиялық өсімді ескерсек, балабақша санының артуы мектепке дейінгі білім беру қажеттілігін қанағаттандырудың айқын көрсеткіші болмақ. 

  • 01
  • 02

           

 

foot.png
ҚР, Астана қ.,
пр.Тәуелсіздік 14/3
8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
info@21-gulder.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved.