Сіздерді ұлттық дәстүрімізге айналған, мейірім мен сыйластықтың мерекесі-Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн -амандық сұрасып, саулық тілеп, өкпе-ренішті ұмытып, бір-бірімізге ізгі ниет білдіретін ерекше күн.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мереке баршамызды татулыққа, бірлікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейді.
Әр шаңыраққа бақ-береке, зор денсаулық, молшылық пен қуаныш тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, балаларымыз , бақытты болсын!

