ЖАҢАЛЫҚТАР

Балабақшамызда 17 қарашада балабақша қызметкерлеріне медицина мамандары денсаулық шаралары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Балалардың денсаулығын нығайту шаралары күн тәртібінен түспейтіндігін атап өтті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту және адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы № 21«Гүлдер» балабақшасында «Ұлттық сана мен рухани құндылық – бала тәрбиесінің тірегі» семинары өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды балабақша тәрбиесінің негізгі өзегіне айналдыру, сонымен қатар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және озық тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында тәрбиешілер мен ата-аналар балабақшадағы оқу-тәрбие процесіне ұлттық салт-дәстүрлерді енгізудің тиімді жолдарын талқылап, балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар ұлттық ойындар, көріністер және шығармашылық жұмыстар арқылы қазақ халқының мәдениеті мен рухани мұраларын насихаттады.

05 қараша балабақша базасында «Ұлттық құндылық тәрбиенің негізі» атты қалалық семинар өтті!

Ата-аналармен бірлескен жұмыстар педагогтардың бірлескен жұмыстары семинарда өз жемісін берді.

6 - қараша ЕАГИ колледж студентеріне «21- Гүлдер» балабақшасы тәжірбиелі мамандары өз іс -тәжірбиелерін көрсетті.

foot.png
ҚР, Астана қ.,
пр.Тәуелсіздік 14/3
8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
info@21-gulder.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved.