ЖАҢАЛЫҚТАР

Жиналыста жаңа оқу жылындағы жоспарлармен таныстырылып, ата-аналарға топтың тәрбие-білім беру жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

Ата-аналар комиссия жұмысына қатысып, мәзір мен тағам сапасына қанағаттанды.

Асхана қызметкерлері барлық ата-аналарға тағамдардың дайындалу барысын түсіндіріп, көрсетіп берді.

12.09.2025 ж.

Біздің «Гүлдер» балабақшасында Тілдер мерекесі ерекше көңіл-күйде аталып өтті.

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер әсем өлеңдер оқып, би билеп, ән шырқады. Олардың жүрекжарды өнері ана тілімізге деген сүйіспеншілікті айшықтап, көпшіліктің көңілін қуанышқа бөледі.

Бұл мереке – балаларға өз тілін қастерлеуді, басқа ұлттардың тілін құрметтеуді үйрететін тағылымды тәрбие сағаты болды.

Ұжымымыздың басты мақсаты – ұрпақ бойына ана тілімізді сүюді, оны қорғап, дамыта білуді дарыту.

Тіл – халық қазынасы, тіл – ұлттың жаны!

foot.png
ҚР, Астана қ.,
пр.Тәуелсіздік 14/3
8 (7172) 35-16-42, 49-77-25
info@21-gulder.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved.